«Омбы-Майқапшағай» жолын жаңғырту биыл да аяқталмауы мүмкін
Омбы-Майқапшағай халықаралық жолының құрылысы биыл да аяқталмай қалуы мүмкін. Өйткені нағыз жұмыс істейтін қолайлы мезгілде мердігер компаниялардың техникасының көбі тоқтап тұр. Абай мен Шығыс Қазақстан екі облыстың аумағы арқылы салынып жатқан 415 шақырым жолды жаңғырту 2018 жылы басталған. Бүгінге дейін 214 шақырымына асфальт төселді. Алайда Шығыс Қазақстанға қарасты 231 шақырым жолдың әлі астаң-кестеңі шығып жатыр. Тарбағатай ауданы аумағындағы 6 учаскеде жұмыс мүлде баяу. Сондықтан жол құрылысындағы жағдайды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов арнайы барып көрді.
Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:
Техниканың бәрі тұр. Нағыз жұмыс істейтін уақытта тұр. Адамдар жоқ. Неше жыл болды ғой, созылып кетті. Қанша адамдар айналма жолмен жүреді. Өздерің жүріп жатқан жоқсыңдар. Асығып жатады адамдар. Егер ақша болып тұрса жұмысты дұрыстап ұйымдастыру керек. Күштеріңіз жетпей жатса айтуларыңыз керек. Бізге мынадай көмек керек деп. Біз тауып береміз.
Алтай Сәркен «Қазавтожол» ҰК ШҚОФ директорының орынбасары:
Былтырлары толыққанды жұмыс істей алмадық. Биыл жұмысты бастағанда жердің дымқыл жердің шығуы бізге кедергі болды. Қазір оның материалдарын бәрін ауыстырып, жұмыстар жалғасып жатыр. Қыркүйек айының аяғына дейін бітіру жоспарланып отыр.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16