Үкімет сумен қамтамасыз ету мәселесін талқылап жатыр
Суару маусымында су тапшылығы мәселесінің өзектілігі артты. Биыл әсіресе оңтүстік аймақтарда жағдай күрделене түскен. Оған климаттың өзгеруінің де әсері бар.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Су мәселесі бізде жыл сайын маңызды. Әсіресе оңтүстік аймақтарда. Ал биыл көктем жылдағыдан ертерек түсіп, күн тез ысыған. Нәтижесінде шаруалар суару маусымын әдеттегіден 20 күнге ерте бастады. Топырақтың ылғалдылығы да нормадан төмен. Осындай факторлар ауыл шаруашылығындағы шығынын 50 пайызға дейін арттырып жіберді. Енді Су және ирригация министрлігінің бұған дейін жариялаған ақпараттарына тоқталайын. Біріншіден, Қазақстан 2025 жылдың сәуіріне дейін 11 млрд текше метр су көлемін дайындау жоспарын бекітті, қосымша тағы 3,7 млрд текше метр — суару маусымның қажеттіліктеріне. Екіншіден, 2025 жылы іске асатын 138 жобаға 184 млрд теңге бөлінген. 2 500 км жаңа құбыр тартылып, 468 ауылға су жеткізіледі. Яғни шамамен 1 млн 300 мың адам сумен қамтылады. Үшіншіден, оңтүстікте судың жетіспеушілігі байқалуда. Кей жерлерде ресурс нормадан 75%-ға, кейде 27%-ға дейін төмендеген, су шығыны биыл +50% артып кеткен. Төртіншіден, цифрлық шешімдерге басымдық берілген. El Water Base, спутниктік аудит, интерактив карталар сияқты жобалар іске қосылды. Сонымен қатар Германия, Италия сияқты елдер Қазақстандағы бастамаларға қатысып, бірлесіп жұмыс істеп жатыр.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
22.01.2026, 16:39
Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды
22.01.2026, 13:23
Әскерде дрон операторларын дайындау басталады
22.01.2026, 13:20
Шымкенттен 1 күнде 80 тоннадан астам қоқыс шығарылды
22.01.2026, 13:18
Көкшетаулықтар қоқыс жәшіктерінің аздығына наразы
22.01.2026, 13:15
Жамбыл облысында 10 су қоймасы салынады
22.01.2026, 13:12
Жаңа Зеландияда лай көшіп, біраз адам жоғалып кетті
22.01.2026, 13:09
Пәкістандағы өрттен қаза тапқандар саны алпысқа жетті
22.01.2026, 13:06