«Интер Майами» Әлем чемпионатын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Интер Майами» Әлем чемпионатын аяқтады

30.06.2025

«Интер Майами» клубтар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатын аяқтады. Ширек финалдың жолдамасы сарапқа салынған матчта франциялық «ПСЖ» командасынан 0:4 есебімен жеңілді. Ойынның 6-минутында Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Жоау Невеш есеп ашты. Ол 39-минутта тағы бір мәрте мергендік танытып, «ПСЖ-ның» басымдығын жоғарлатты. Одан кейін «Интер Майами» сапынан Томас Авилес өз қақпасына байқамай гол соғып жіберді. Бірінші таймның соңғы минутында марокколық Ашраф Хакими есепті 4:0-ге жеткізді. Бұл - жеңіс голы болатын. Көпшіліктің назарын 8 рет «Алтын доп» иегері атанған Лионель Мессидің алаңға шығуы аударды. Бұл – оның бұрынғы клубына қарсы алғаш рет ойнауы болды. Алайда аргентиналық футболшы командасына көмектесе алмады – «Интер Майами» өз алаңындағы турнирді аяқтады. Ал  «ПСЖ» ширек финалда «Фламенго» мен «Бавария» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу