Назым Қызайбай ширек финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назым Қызайбай ширек финалға өтті

30.06.2025

Әлем кубогы қазақстандық былғары қолғап шеберлері үшін сәтті басталды. 48 келіге дейінгі салмақта алғаш болып рингке шаққан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, үш дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды. Ол бірінші жекпе-жегінде канадалық Приянка Диллонды айқын басымдықпен жеңді. Бокс федерациясы өкілдерінің мәліметінше, оның келесі қарсыласы – өзбекстандық Азия ойындарының чемпионы Фарзона Файзолова. Жекпе-жек сәрсенбі күні өтеді. Сондай-ақ 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Әнел Сақыш та келесі кезеңге жолдама алды. Ол германиялық Татьяна Обермайерды жеңді. Әнел жұдырықтасу барысында қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберді. Ал ерлер арасында 70 келіге дейінгі салмақта бокстасқан Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жегінде Қырғызстан өкіліне жол берді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу