Қызылорда облысында 4 мектеп салынып жатыр
Қызылорда облысында 4 «Келешек мектебінің» құрылысы қызу жүріп жатыр. Ұлттық жоба аясында былтыр аймақта замануи үлгіде 6 білім ордасы ел игілігіне берілді. Соның екеуі қалада, қалғаны ауыл-аймақта ашылды. Қызылорданың сол жағалауында бой көтерген «Келешек мектебінде» мыңнан аса бала білім алады. Мұнда оқушылар үшін оқу сыныптарынан бөлек шығармашылығын дамытуға арналған кәсіби бағыттағы кабинеттер қаралған. Яғни, балалар мектеп қабырғасындағы түрлі үйірмеге қатысып, жазғы демалысын тиімді өткізіп жатыр.
Әйгерім Айнабаева, №290 «Келешек мектеп» директорының орынбасары:
Жаңа заманауи технологиялармен жабдықталған және де оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға үлкен мүмкіндік жасалған. Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға да қолайлы орта қарастырылған. Арнайы блоктар бар. Лифтпен қамтылған. Оқушыларды ерте жастан кәсіптік бағдарға бағыттап жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12