Парламент депутаттары демалысқа шықты
Салық кодексі, несие, МӘМС жүйесі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң, лудоманиямен күрес, рақымшылық. Бұл Парламент қабырғасында қабылданған, халықтың ең көп талқылауында болған заңдар. Атқарылған жұмыс аз емес. Бүгін Парламент депутаттары үшінші сессия жұмысын қорытындылады. Осы сессияда Сенат пен Мәжілістің 39 жалпы отырысы өткен. Қос палатаның қарауында 158 заң жобасы болды, оның 89-ы қабылданды. Парламент депутаттары 500-ден аса елді мекенге барып, азаматтармен 1200 кездесу өткізді. Онда көтерілген барлық мәселе Үкімет алдына қойылған, деді Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов.
Ғалиасқар Сарыбаев, Сенат депутаты:
Мемлекет басшысы қойған тапсырмалардың көбін орындадық. Қажетті заңдарды қабылдадық. Ең бастысы бізді қуантатын нәрсе – халық үшін жұмыс істеп жатыр.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
Заңдардың ішінде өзекті, қажеттілігі жоғары қандай заңдар бар десе, мен айтар едім - Су кодексі. Өздеріңіз білесіздер, біз суға тапшы мемлекет болып есептелеміз. Бұрынғы су кодексі тұтынуға арналған еді, ал мына Су кодексі үнемдеуге арналған. Яғни, біз барлық принцип, нормаларды үнемдеуге бағыттадық.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Республика күнімен құттықтады
24.10.2025, 13:25
Еуропалық сарапшылар Республика күнімен құттықтады
24.10.2025, 13:22
Ресей мен Беларусьті 2026 жылы Паралимпиада ойындарына қатыстырмайды
24.10.2025, 13:19
Израильдің аннексиялық жоспарына Трамп қарсы шықты
24.10.2025, 13:17
Алматыда дроппер-әйел ұсталды
24.10.2025, 13:14
Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккендер орталыққа жеткізіледі
24.10.2025, 13:11
Қазақстан – цифрлық технология саласында көшбасшы
24.10.2025, 13:08
Оралда «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
24.10.2025, 13:05