Ақтөбе облысында атасы мен немересі көлікпен суға батып кетті
Ақтөбе облысында атасы мен немересі көлікпен суға батып кетті. Олардың денесі иісшіл иттің көмегімен табылды.
Оқиға Хромтау ауданында болған. 1959 жылы туған азамат Құдықсай ауылынан Toyota Hilux көлігімен шығып, қайта оралмаған. Қасында мектеп жасындағы немересі болған.
Құтқарушылар дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Кинолог маман иісшіл итпен жоғалғандардың ізіне түсіп, нәтижесінде марқұмдардың денесі Ор өзенінен табылды.
Аслан Арзымбетов, ТЖД басқарма бастығы:
Өзен арнасын барлау барысында автокөлік табылды. Сүңгуірлердің жұмысы нәтижесінде 2,5 метр тереңдіктен және жағадан 4 метр қашықтықтан баланың денесі, сондай-ақ көлік пен ер адамның денесі судан шығарылды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04