Қытайда роботтар арасында футболдан матч өтті
Қытай астанасы Бейжіңде алғаш рет толық автономды роботтар арасында футболдан әлемдік матч өтті. Ойынға қатысқан гуманоидтар жасанды интеллектпен жабдықталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир – биыл 15–17 тамыз аралығында өтетін Роботтардың дүниежүзілік спорттық ойындарының бастамасы іспеттес.
Финалда Циньхуа университетінің командасы Қытай ауыл шаруашылығы университетінің механикалық футболшыларын жеңді. Матч барысында роботтар қашықтан басқарылған жоқ. Олар ойын кезінде жасанды жады мен стратегияға жүгініп ойнаған.
Айта кетейік, осыған дейін, сәуір айында дәл осындай гуманоид роботтар Бейжің марафонына қатысып, 21 шақырым жүгіріп өткен болатын.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10