Павлодарда цифрлық теңге жобасы аясында алғашқы жол қолданысқа берілді
Павлодарда цифрлық теңгені енгізу жобасы аясында алғашқы жол қолданысқа берілді. Бұл еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынған пилоттық бағдарлама. Жоба жұмыстары Майқапшағай – Омбы, яғни Ресейге апаратын көлік жолының 383-390 шақырым аралығындағы 7 шақырымдық учаскеде жүргізілді.
Ермұрат Нұрханов, «Қазавтожол» ҰК АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры:
Аталған автожол 1-ші техникалық санатқа жатады. Бұл учаскеде жөндеу жұмыстары 10 жыл бұрын 2015 жылы ақырғы рет жүргізілген. Орташа жөндеу жоба бойынша 128 мыңнан астам асфальт бетон төсемі ауыстырылды. 35 мың шаршы метр жол жиектері нығайтылды. Барлық жұмыстар Е-құрылыс ақпараттық жүйесіне тіркеліп, толық ашықтықпен цифрлық бақылау қамтамасыз етілді.
Осылайша елімізде көлік жолдарын жөндеу жұмыстарына сандық бақылау жасау қамтамасыз етілді. Яғни қажетті материалдар, бояу, жолға қойылатын белгілерге дейін қай жерден, қаншаға сатып алынғаны анық көрініп тұрады.
Данияр Кәукенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басқарма басшысы:
Біз цифрлық теңге жүйесі арқылы қашықтан бақылау жүргізіп отырамыз. Бұрынғыдай тексеру жүргізу үшін нысанға барудың қажеті жоқ. Жол жөндеуге бөлінген қаржы есеп шотқа түскеннен бастап, қайда, қалай жұмсалғаны көз алдымызда тұрады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16