Алматыда Р.Мамырбек атындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Р.Мамырбек атындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды

26.06.2025

Алматыда БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында өмірден ерте өткен талантты журналист, саясаттанушы Рахат Мамырбек атындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Үшінші рет ұйымдастырылған додаға әр өңірден 33 мақала, 19 видео материал келіп түскен. Жанрға шек қойылмаған. Үміткерлер арасында студенттер де бар. Мәселен Астанадағы Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттен 10-ға жуық жұмыс келген. Олардың ішінде 3-курс студенті Мөлдір Қабыкеннің жұмысы «үздік мақала» деп танылды. Жас журналист әскердегі әлімжеттік мәселесін ашық жазған. Ал Батыс Қазақстан облысынан қатысқан Азамат Хамза сайлаудағы байқаушылардың мәселесін терең қозғауға тырысқан. Оның материалы «ең үздік видео» аталымы бойынша топ жарды.

Қасым Аманжол, Р.Мамырбек атындағы байқаудың ұйымдастырушысы:

Бұл байқаудың принципі – жас журналистерге мейлінше қолдау білдіру. Саяси еркіндікті және демократиялық журналистиканы дамытуға мейлінше үлес қосу.

Азамат Хамза, Р.Мамырбек атындағы байқау жеңімпазы:

Бір ауылда сайлау болды. Сайланған әкім әкім болудан бас тартқан болатын. Екінші рет сайлау болып, халық бір әкімді екі рет сайлады. Сол дүниені негізгі етінде алып, сайлауда бақылау қандай маңызды екенін көрсетуге тырыстым. Ол зерттеу 4-5 ай шамасында болған шығар.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу