Сенат тегін медициналық көмектің мүмкіндіктерін кеңейтетін заңды мақұлдады. Құжатта еңбекақысы жоғары қызметкерлер үшін МӘМС жүйесіне жарна мен аударым төлеуде жасалатын жеңілдіктерді жойып, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды барлық деңгейдегі медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігін арттыру қарастырылған. Яғни МӘМС қағидаттарын кеңейту, МӘМС жарналары мен аударымдарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кірістің жоғарғы шегін арттыру, мемлекет жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен өзгерту, жүйедегі қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты жариялау және жарналарды төлеудің уақытша үзілістері кезінде сақтанушының мәртебесін қорғау көзделген.
Айта кетейік, бүгінде 3 миллионнан астам адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Олардың шамамен 1 миллионы жұмыссыздар мен әлеуметтік осал топтағылар.
Нұрсұлтан Тілектес
