Гаагада НАТО саммиті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гаагада НАТО саммиті өтті

26.06.2025

Гаагада НАТО елдері лидерлерінің саммиті өтті. Альянстің 32 мемлекетінің басшылары 2035 жылға дейін қорғанысқа жалпы ішкі өнімнің 5 пайызын жұмсауға уағдаласты. Бұл қаражаттың 3 жарым пайызы әскер мен қару-жараққа, 1,5 пайызы киберқауіпсіздікке, жолдар мен көпірлерді ауыр әскери техникаға бейімдеуге, құбырларды қорғауға бағытталмақ. Сонымен қатар НАТО мүшелері «бәріміз біріміз үшін» деген міндеттемені әрі қарай да ұстануға уәде берді. Оған сәйкес одақтың бір елі шабуылға ұшыраса, оны өзгелері қорғауға түгелдей жұмылуы керек. Бұл принцип НАТО жарғысының 5-бабында жазылған.

Марк Рютте, НАТО-ның Бас хатшысы:

Бұл кездесуде біз алға үлкен қадам жасадық. Жаңа амбициялық мақсаттар бойынша келісе отырып, қауіпті тежеу мен қорғаныс қабілетімізді күшейте түсемін. Әскерге бұрынғыдай 2 пайыз қаржы жұмсаймыз дегенді ұмытуға тиіспіз. Әуе қорғанысы, ұзақ қашықтыққа арналған қару, логистика, ірі құрлықтық маневрлар – біз үшін енді басым бағыттар қатарына кіреді.

Осы саммит аясында АҚШ президенті Дональд Трамп украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесті. Америка лидері Киевке зымыранға қарсы «Пэтриот» жүйесін көбірек жөнелту мәслесін қарастыратынын мәлімдеді. 50 минутқа созылған келіссөзде Трамп Украинаны қарумен қамтамасыз ету мәселесін ашық күйінде қалдырды деп хабарлайды «Рейтер» агенттігі. Айта кетсек, бұған дейін Құрама Штаттар басшысы Украинаға әскери жәрдемді жалғастыруға ниет танытпаған еді. Зеленский болса, екеуара әңгімені «мазмұнды өтті» деп сипаттады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу