Алматыда Сайран көлі аумағында профилактикалық шаралар күшейтілді
Алматыдағы Сайран көлі аумағында полиция қызметкерлері профилактикалық шараларды күшейтті.
Еріктілер мен тәртіп сақшыларынан жасақталған мониторингтік топ, келушілерді қоғамдық орындарды ластамауға, тазалықты сақтауға шақырды. Көлге күн сайын шамамен 4000-ға жуық адам келеді. Аумақта 124 қоқыс жәшігі мен бейнебақылау камералары орнатылған. Ал еріктілер таңертең және кешке күнделікті тексеру жүргізеді. Одан бөлек, көл аумағында күн сайын 40 коммуналдық қызметкер жұмыс істейді. Олар күніне орта есеппен 5 тонна тұрмыстық қатты қалдықты шығарады, дейді қала әкімдігі.
Бағдат Анарбаева, қалалық еріктілер фронт-офисінің басшысы:
Экомониторинг дегеніміз – біз тұрғындарымызға ең алдымен артын жинап кетуді, тазалықты сақтауды түсіндіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Одан бөлек, ластанған жерлер болса, сол жерлерді тазартып, тазалықты сақтауға тырысамыз. Күнделікті қоқыс тасталуы азайып жатыр деп айтсам болады.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16