Тегеран МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты доғаратынын мәлімдеді
Иран Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен, яғни МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтатады. Мұны бүгін Ислам Республикасы парламентінің спикері Мұхаммед Бакер Қалибаф мәлімдеді. Сонымен қатар, ол өз елінің атом бағдарламасы біршама тезірек дами бастайтынын атап өтті.
Иранның «Нұрньюс» агенттігінің хабарлауынша, парламент депутаттары МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты доғару туралы жобаны мақұлдап қойған. Енді бұл құжатты Иранның Жоғарғы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі қабылдауы керек.
Тегеран ядролық қару жасауға әрекеттенді деген айыпты үнемі жоққа шығарып келеді. Иран үкіметінің мәлімдеуінше, дәл осы МАГАТЭ-нің Иранды атом қаруын таратпау туралы міндеттемелерді орындамады деп кінәлауы Израильдің шабуылдарына жол ашқан.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12