Алматыда «Абай» ұлттық мектебі қарқынды салынып жатыр
Алматыда «Абай» ұлттық мектебінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ұлттық мектеп 900 оқушыға арналған. Жаңа нысанның құрылысына мемлекеттен 10 млрд 421 млн теңге бөлінген. Қазір үш қабатты ғимарат бой көтеріпті. Сондай-ақ мектептің қасынан екі қабатты жатақхана да салынып жатыр. Қос ғимараттың да құрылысы ақпан айында басталды. Қазір ішкі және сыртқы жұмыстары қатар жүріп жатыр. Мектеп жаңа оқу жылында қолданысқа берілмек. Бұрын бұл білім ошағында балалар 8-сыныптан бастап оқып келген еді. Енді жаңа нысанға көшкеннен кейін дарынды ұл-қыздар 7-сыныптан бастап қабылданады, дейді жауапты министрлік.
Анар Тәңірбергенова, Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті:
Мектептің негізгі ерекшелігі, қазақ тілі мен әдебиетінен басқа пәндерді де тереңдете оқуға мән беретін болады. Бұл мектептен шығатын балалар тек лингвист емес, көшбасшы, технократ ретінде жан-жақты тұлға болып қалыптасуы керек. Сондай-ақ, ағылшын тілімен қатар француз, қытай т.б. балалардың қалауына, қажеттілігіне сәйкес тілді меңгеру мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16