Соңғы 6 жылда қылмыстық құқық бұзушылық екі есе азайды
Соңғы 6 жылда елдегі қылмыстық құқық бұзушылық саны екі есе азайды. Соның ішінде қарақшылық, тонау, ұрлық деңгейі 4 есе төмендеген. Бұл ел ішінде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келе жатқанының көрінісі, дейді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев. Елімізде учаскелік инспекторлардың, медиация және превенция қызметтерінің рөлі нығайып келеді. Азаматтық жауапкершілік идеологиясы берік орныға бастады. Ендігі мақсат – қоғамның құқық қорғау жүйесіне сенімін арттыру, дейді жоғары палата өкілі.
Ғалиасқар Сарыбаев, Сенат депутаты:
Сонымен қатар қоғамдық орындарда құқық бұзушылық 80 пайызға төмендеген. Яғни, бұл дегеніміз - кейінгі кезде Мемлекет басшысының бастаған саяси реформаларының арқасы. Бауыржан атамыз айтқан: «тәртіпке бағынған адам құл болмайды». Яғни, біз ішкі саяси тұрақтылықты өзіміздің қауіпсіздігімізді, жайлы ортаны құру үшін біз заң мен тәртіпке бағынуымыз керек.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03