«100 кітап» ұлттық сауалнамасы: 20 мың адам дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«100 кітап» ұлттық сауалнамасы: 20 мың адам дауыс берді

24.06.2025

Төл әдебиетіміздегі танымал 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама әлі жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 20 мыңнан астам адам, сүйікті шығармасы мен авторды белгілеп, дауыс беруге қатысып үлгерді.

Тізімге 10 кітапқа дейін енгізуге болады. Олар міндетті түрде отандық авторлардың әдеби шығармалары болуға тиіс. Бизнес, психология, діни тақырыптағы кітаптар қабылданбайды. Әзірге үздік туындылар қатарын, «Абай жолы», «Абайдың қара сөздері», Ільяс Есенберлиннің «Көшпенділері» бастап тұр.

«100 кітап» ұлттық сауалнамасына қатысу үшін е-Gov Mobile қосымшасын жүктеп, порталға кіресіз. Басты бетте «Таңдаулы 100 кітапты бірге анықтайық!» деген батырманы басып, кітап ұсыну бетіне өте аласыз. Сол жерден өзіңізге ұнайтын үздік 10 шығарманы енгізіп, «Дайын» батырмасын басыңыз. Сауалнама нәтижесі 10 тамыз – «Абай күні» қарсаңында жарияланады. Ал жобаның негізгі ақпараттық демеушісі - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу