М.Әшімбаев: Тұрақты даму ашық және сындарлы диалог арқылы мүмкін екені анық
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сингапурда өткен Ұйымшыл қоғамдар жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. Бұл жиында әлемдегі біртұтас және тұрақты қоғам құру жолдары талқыланды. Жоғары палата спикері дөңгелек үстелде сөз сөйлеп, екі елді ортақ құндылықтар байланыстыратынын айтты. Сондай-ақ мемлекетаралық ынтымақтастық соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Форумда Қазақстан өткізетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің миссиясы да жоғары бағаланды. Конференцияға 50-ден астам елден дін қайраткерлері, сарапшылар мен жастар жиналды. Сондай-ақ Сенат төрағасы конференция аясында өткен дөңгелек үстелге қатысты.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан ел ішінде де, халықаралық деңгейде де конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етіп келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Сингапур өзіндік өрлеу жолына түскен Қазақстан сияқты елдер үшін үлгі» деп атап өтті. Бұл – пысықталған дәйекті саясаттың нәтижесі. Съезд бен бүгінгі Ұйымшыл қоғамдар жөніндегі конференцияның мақсаты, міндеті және басымдықтары ортақ. Жаһан алмағайып күйге түскен бүгінгі құбылмалы дәуірде тұрақты даму тек ашық және сындарлы диалог арқылы мүмкін екені анық.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50
Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді
20.12.2025, 17:47
209 млн теңге жұмсалған ауызсу жобасы аяқсыз қалды
20.12.2025, 17:44
Кәріз суын тазартатын жоба жүзеге аспай қалды
20.12.2025, 17:40
Нью-Делидің ластанған ауасы су шашу тәсілімен тазартыла бастады
20.12.2025, 17:37
Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды
20.12.2025, 17:26