Иран мен Израиль арасында атысты тоқтату туралы келісім күшіне енді
Иран мен Израиль арасында 12 күнге созылған атысты тоқтату туралы келісім күшіне енді. Мұны осыдан бірер сағат бұрын Дональд Трамп мәлімдеді. Құрама Штаттары лидері жауласушы тараптарды енді ымыраны бұзбауға шақырды. Бұл хабардан кейін Тегеран көшелерінде тыныштық орнады. Ал Иерусалимнің кейбір тұрғындары екі ел арасындағы мәміле ұзақмерзімдік бейбітшіліке ұласады деп үміттеніп отыр.
Ниссим Аттиас, Иерусалим тұрғыны:
Біз жаңа ғана президент Трамптың ымыра туралы сөзін естідік. Сол мәлімдеме шын болса екен. Әйтпесе таңертең аздап күмәнім болған еді. Бүгіннен бастап бейбітшілікте өмір сүреміз деп үміттенеміз.
Соңғы мәліметке қарағанда, Израиль де Трамп ұсынған бітімді қабылдады. Мұны осы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. Айта кетсек, бүгін таңертең ғана Иран еврей мемлекетінің аумағына бірталай зымыран жіберіп, 4 адамды мерт қылды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12