Алматыда XI «Бастау» республикалық математикалық турнирі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда XI «Бастау» республикалық математикалық турнирі басталды

20.06.2018

Алматыда бастауыш мектеп оқушылары арасында республикалық «Бастау» математикалық турнирі басталды. Биыл 10-шы рет ұйымдастырылған білім бәсекесін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізуде. Оған еліміздің барлық облысынан 150 оқушы қатысуда. Әр аймақтағы іріктеуден сүрінбей өткен мықтылар 3 күн бойы түрлі сайыстарға түседі. Командалық және жекелей сындарда ауызша есеп шығарып, логикалық тапсырмаларды орындайды. «Бұл баланың математикаға деген қызығушылығын оятуға пайдалы», - дейді мамандар. 

Ғалия Ахметова, республикалық физика-математикалық мектебінің қызметкері:

- Математика мұғалімдері жыл сайын осы турнирді асыға күтеді. Әр уақытта біздің мектепте өтеді. Біз кішкентай бүлдіршіндерді математикаға дайындап солардың қызығушылығын арттырған мұғалімдерге алғысымызды айтқымыз келеді.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу