ШҚО-да қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік нысандар салынып жатыр
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Шығыс Қазақстан облысында 7 ірі әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Соның екеуі Шемонаиха ауданында. Волчанка ауылында емхана ғимараты бой көтерсе, Большая речькада су құбыры тартылып жатыр. Дәрігерлік амбулаторияға 417 миллион, ал су құбырына 580 миллион теңге бөлінді. Қос нысандағы құрылыс барысы прокуратураның жіті қадағалауында.
Нұржан Қуатбеков, Шемонаиха ауданының прокуроры:
Екі құрылыс та осы жылдың соңына дейін аяқталады. Бұл - мемлекетке қайтарылып жатқан қаражат халық игілігіне жұмсалып, осы елді мекендердің тұрғындарының денсаулығын нығайту, ыңғайлы жағдай жасауда конституциялық құқығының қорғалуының айғағы.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18