Трамп: Иран мен Израиль атысты тоқтатуға келісті
Иран мен Израиль 12 күнге созылған атысты тоқтатуға келісті. Бұл ымыра алдағы бірнеше сағатта күшіне енеді.
Мұны АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Құрама Штаттар лидерінің сөзінше, екі ел оған бір сәтте хабарласып, «бейбітшілікті» қалайтындарын айтқан.
Алайда қақтығыс толық тоқтаған жоқ. Соңғы мәліметке қарағанда, Израильдің оңтүстігінде Иранның ракеталық шабуылынан 3 адам қаза тапты. Мұның алдында Иран әуе күштері АҚШ-тың Қатардағы әуе базасына соққы берді. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Израиль ресми түрде бітімді қабылдамаса да, жергілікті уақытпен таңғы сағат 04:00-ден кейін оның ұшақтары Иранға соққы бергені туралы хабар түспеген.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10