Биыл жаңа оқу жылында үш ауысымды мектеп мәселесі түбегейлі шешіледі. Ал алдағы он жыл ішінде әлеуметтік нысандардың саны екі есе артады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек арнамызға берген сұхбатында айтты. Себебі халық саны 2035 жылға қарай 2,5 млнға жетуі мүмкін. Миграция қарқынына қарай, тұрғын-үйлер саны да арта бермек. Қала әкімі бұдан өзге ауызсу, ЛРТ құрылысы, кептеліс, автотұрақ мәселелеріне қатысты жоспарымен бөлісті. Сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Жеңіс Махмұдұлы, қала қарқынды дамып жатыр. Көшіп келушілердің дені осы Астанаға ат басын бұрады. Биыл жыл басында сіз Астана халқы алдағы он жылда 2,5 млнға жетеді деген болжамыңызды айттыңыз. Осыған байланысты қаланың бас жоспары қай бағытқа қарай дамиды? Қандай әлеуметтік нысандар салынады?
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
Былтыр үкімет қаланың бас жоспарын бекітті. 2035 жылға дейін 2 жарым млн адам Астанада тұрады деп болжап отырмыз. 2 жарым млн-ды қабылдау үшін ең бастысы инженерлік, инфрақұрылымды дамыту керек. Әлеуметтік мәселелерді шешу керек. Оқу орындары, балабақша. Келе жатқан 10 жылға біз кем дегенде 200-дей жер учаскелерін бронға қойып жатырмыз мектептерге. Балабақшаларға да солай. Медицина обьектілеріне де, аурухана емхана.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Қазірдің өзінде халық саны 1 жарым млн-нан асады. Тығыздық байқалады. Мектептерде бала саны көп, бір сыныпта 30-40 оқушы. Балабақшаларда орын жетіпей жатыр. Қазіргі мәселелерді реттеу жоспарларыңыз?
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
Былтыр 8 үш ауысымды мектеп болатын. Басқа мектептерде өте тығыз кластарда. Былтыр 8 үш ауысымды мектептің бесеуін біз жойдық. Жоспар бойынша, биыл үш ауысымды мектеп болмайды. Келе жатқан бес жылда оқу орындарын 30-40 пайызға көбейтеміз деп жоспарлап отырмыз. Ондай мүмкіндік бар. Ең бастысы маман керек. Былтыр 24 мектеп іске қосылды. Биыл 15 мектеп. Ары қарай да осы динамика сақталады. Мектептерге ұжымды табу, педагогтарды дайындау ол бір мәселе. Сондықтан Президенттің тапсырмасы аясында, педагогтерді дайындау бойынша факультеттер ашылып жатыр.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Екі жыл бұрын кей тұрғын-үйлерге су жетіспегенін білеміз. Су тапшылығы болмай ма халық көбейсе?
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
Сол кезде бірнеше шешім қабылданып, бұл мәселе келе жатқан 5-6 жылға шешілді. Қазір бізде профицит. Дефицит жоқ. Енді үкімет, экология министрлігі қосылып үлкен жобаны бастап жатырмыз. Сәтбаев атындағы Ертіс-Қарағанды каналынан су қорын қалаға тарту және Астанада жаңа сүзбе станциясын салу. Ол жоба келе жатқан 3-4 жылдың ішінде іске қосылады.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Астана қаласында өзекті мәселеге айналған дүниенің бірі ол – кептеліс. Көлік көбейіп жатыр. Бұл мәселе күрделеніп бара жатыр десек болады. Мұның шешу жолдары бар ма?
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
Шешу жолдары бар. Бір көпірді бітірдік 2023 жылы. Тағы 2 көпір жобаланып жатыр және үлкен-үлкен бұл мәселені шешетін жолдар: Тәуелсіздік жолы аэропортқа барады. Айтматов айналма жолға дейін барады. Сондықтан мәселелер осылай шешіледі және болашақта 2-3 қабатты автомобильдер өтетін перекресток пайда болады. Үлкен қалаларда мәселе осылай шешіліп жатыр. Соңғы 2 жылдың ішінде 700-дей жаңа автобус келді. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Автобустардың дефициті бар. Оны растаймыз. Қосымша 500-700 автобус халыққа керек. Оны екі жылдың ішінде ретке келтіреміз деп жобалап отырмыз.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
ЛРТ туралы нақты қай маусымда іске қосылады?
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
Келе жатқан 2-3 айдың ішінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. Бірінші пойыздар келді. Жалпы ұзындығы 22-23 шақырым. Біздің жоспарымыз бойынша күздің басында тестілік режим басталады. Ол тест 3-6 айға дейін созылады. Бәрі дұрыс болса, келесі жылдың басында пайдалануға толығымен беріледі.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Жұмыс кестесін өзгерту мәселесі ұсынылып жатыр. Бұл Астанада қарастырыла ма?
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
Мұндай мәселе бар. Бұл мәселе қазір зерттеліп жатыр. Арнайы институттармен. Нәтижесі бір айдың ішінде шығады деп жоспарлап отырмын. Жалпы өзімнің пікірім, ол әлемдегі тәжірибе. Ондай жағдайдан қорқатын ештеңе жоқ. Кептеліс болмау үшін ол да бір шешетін факторлардың бірі.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Тұрғын үй нарығы туралы сұрағым келіп отыр. Жаңадан салынған үйлер автотұрақпен қамтылу керек қой?
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
Былтыр 4 млн 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Жаңадан салынған үйлерде автотұрақ болу керек. 10, 15, 20 жыл бұрын салынған үйлердің, әсіресе әлеуметтік осал топтардың тұратын үйлерінде паркинг болған жоқ. Сондықтан бұл мәселені шешетін жолдары бар. Қазір сол үйлердің қасында көпқабатты автотұрақтар салынады және жаңа үйлерде міндетті түрде паркингтер болу қажет. Паркингсіз бірде-бір үй салынбайды.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Заңсыз құрылыстар қалай қадағаланады?
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
2 жыл бұрын 100 ден астам заңсыз құрылыс болған. Қазір олар көп емес. Бір он шақтысы болса, біз оларды тоқтатамыз. Айыппұл бар, басқасы бар. Осындай компаниялар қара тізімге кіргізіліп, ары қарай оларға рұқсат берілмейді басқа қалаларда да.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Астанаға көшіп келушілер санын шектеу мәселесі бұған дейін айтылды. Егер халық көбейіп жатса, бұл мәселе қайта қаралу мүмкін бе?
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
Ондай мәселені қазір ешкім көтермейді. Ол жалпы конституциялық құқығы. Әрбір Қазақстанның азаматы қай жерде тұра ма, жұмыс істей ме, өзінің мәселесі.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Жақсы. Көп рақмет сізге.
