Әлемге әйгілі режиссер Бред Бёрдтің бұл кинотуындысында Хелен Парр қаһарман әйел кейпінде отбасының көшбасшысы ретінде көрсетілген. Ол әлемді құтқару үшін қауіпті миссияға барып, басын қатерге тігеді. Ал, оның күйеуі Джек-Джек балаларының тәрбиесімен айналысады. Фильм баланы болашақтың тірегі ретінде тәрбиелеу қажет екендігін тағы бір еске салады. Сондықтан, «Ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор туынды», - дейді кинотанушылар.
Сайлау Қамиев, актер:
- Мультфильм үлкен кісілер де балаларымен бірге отырып көре алатын дүние. Себебі, бұл жерде қаһармандық, патриоттық, әділеттілікке деген күрес керемет қозғалады. Сондықтан да осындай дүниежүзілік туындылардың қазақ тілінде көрсетілуі дұрыс деп санаймын.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.