ШҚО-да өртке қарсы 52 мобильді топ құрылды
Шығыста құрғақшылықтың салдарынан өрт қаупі күшейді. Сондықтан дала және орман өртін болдырмау үшін сала мамандары күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді. Өңірде 52 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар арнайы бөлімшелер жоқ ауылдарда 50-ге жуық өрт сөндіру бекеті құрылды. Бүгінге дейін төтенше жағдай мен жергілікті полиция қызметкерлері бірігіп, тұрғындар арасында 400-ге жуық рейд жүргізді. Мамандар мұндай қауіпті кезеңде орманға бармауды және онда шөп пен қоқысты өртеуге болмайтынын ескертеді.
Медет Мұқашев, облыстық ТЖД өрт бақылау басқармасының бас маманы:
Аталған рейдтік шара барысында 73 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мобильді топтар ұшу аппараттарын қолданады. Жаяу жүру арқылы орман дала алқаптарын өту барысында адамдарға өрт қауіпсіздігі талаптарын жеткізіп, рейдтік шаралар жүргізеді.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22