Семейде жоғалған бала орманнан табылды
Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала аман-есен табылды. Жасөспірім сенбі күні кешке үйден шығып кетіп қайта оралмаған. Дамуында ерекшелігі бар балдырғанды іздестіруге мыңнан аса адам жұмылдырылды. Қала тұрғындары, еріктілер, құтқарушылар мен полицейлер түні бойы жұмысты тоқтатпаған. Иісшіл иттер мен дрондар қолданылды. Нәтижесінде жасөспірімді келесі күні таң ата үйінен 10 шақырым қашықтағы орманнан учаскелік полиция тапқан. Бала аман-есен анасына табысталды. Полицейлер ата-аналарға әсіресе жаз мезгілінде бала қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырады.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01
Жамбыл облысының жолдарын қысқа дайындап қойды
22.10.2026, 13:00
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11