Қытайдың оңтүстігінде жауын құйып, бірқатар провинцияларды су басты
Қытайдың оңтүстігінде төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Әсіресе, Гуаньси-Чжуан автономиялық ауданындағы жағдай қиын. Сонымен қатар, Хунань мен Хубэй провинцияларында да адамдарды эвакуациялауға тура келген. Талай елдімекен мен қалалардың көшелері өзенге айналды. Егістік алқаптары шайылып, кейбір жерлерде лай көшкен.
Метеорологтардың хабарлауынша, су апатының күшеюіне муссон жауындары маусымының ерте басталуы себепші. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, қауіптің қызыл түсі Аньхой, Хэнань, Гуйчжоу провинцияларында да жарияланып, жергілікті халыққа сақ болу ескертілді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16