Елімізде балаларды емдеуге бөлінетін қаржы екі есе ұлғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде балаларды емдеуге бөлінетін қаржы екі есе ұлғайды

21.06.2025

Елімізде балаларды емдеуге бөлінетін қаржы екі есе ұлғайды. Бұған дейін мемлекеттік қазынадан 264 миллиард теңге қарастырылса, енді 575 млрд жұмсалады. Бұл денсаулығында туа бітті кінәрат бар және ауыр дертпен ауыратын балаларға тегін көмек көрсету үшін жасалып отыр. Мәселен, келесі жылдан бастап құлағы естімейтін бүлдіршіндерге аппараттар жергілікті бюджет есебінен беріледі. Бұдан бөлек, онкологияның сирек кездесетін түріне шалдыққан науқастар енді шетелге сабылмай, емді өз елімізден табады. Қазірдің өзінде баласына өзге мемлекетте ота жасататын ата-аналардың саны екі есе азайды, дейді денсаулық сақтау министрлігі. Қаржыландыру артқаннан кейін жедел медициналық көмек көрсету сапасы да жақсарды. Былтыр жарты жылда ауыр халде болған 127 жүкті әйел мен 647 бала санавияциның арқасында аман қалған.

Жанел Өтеулі 

Хабарламаларға жазылу