Паппилома вирусына қарсы екпе 200 қыз балаға салынды. Еш жағымсыз реакция байқалған жоқ. Енді 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ұл балаларға да вакцина егу жоспарланып отыр. Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында айтылды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиында біршама өзекті мәселелер талқыланды. Мәселен, былтыр барлық өңірде отбасын қолдау орталықтары жұмысын бастаған еді. Енді биыл олардың жұмысын нәтижелі ету үшін нақты міндеттері белгіленеді. Сондай-ақ қыз балалар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу шаралары пысықталып, республикалық репродуктивті денсаулық апталығы қорытындыланды. Нәтижесінде мұндай шаралар қатарын көбейту керегі айтылды. Енді жаз айларында лагерьлерде де репродуктивті денсаулық апталығы ұйымдастырылады.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Бүгінгі таңда 200 мыңнан астам қыз балаға екпе жасалды. Ешқандай жағымсыз реакция тіркелген жоқ. Қоғам бұл процеске дайын. Қазір біз 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ұл балаларға да вакцина егу үшін 10 миллиард теңгеге жуық сомаға бюджеттік өтінім дайындап жатырмыз. Бұл шара 15 жылдан кейін аталған ауру түрлерінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Ләззат Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:
Жастардың репрадуктивті денсаулығын қорғауға байлынысты осы 3 жыл болды 1 апталық коммиссия өткізіледі. Қазір коммиссия төрағасы – Аида Ғалымқызының тапсырмасымен, жаз айларында, лагерлерде, жастар көп шоғырланған жерлерде осы апталық қайта өткізілетін болып және күз уақытында еңбек ұжымдарына барып, ата-аналармен де сөйлесіп, олардың да өздерінің балаларына репродуктивті денсаулығын сақтауға байланысты сауатты көзқараспен қарауы туралы әртүрлі лекция мен ұсыныс беру туралы тапсырмалар берілді.
Ақниет Балтанова
