Ақтөбе облысында 10 жастағы бала саябақ аумағында тоққа түсіп қалды
Ақтөбе облысында он жасар бала саябақ аумағында тоққа түсіп қалды. Қазір жағдайы ауыр. Оған облыс орталығындағы білікті дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Оқушы ойнап жүріп, саябақ қоршауында орналасқан жарықшамға өрмелеп шыққан. Сол сәтте тоқ ұрған. Дәрігерлердің кеңесуінен кейін бала облыстық ауруханаға шұғыл жеткізілді.
Қуантай Қапарұлы, травматолог-дәрігер:
Электрожарақат алған. Күйген жерлері бар. Соған байланысты түскен кезде жағдайы ауыр болған. Шок жағдайында. Қазір емнің арқасында өзіне келді.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Бұл шағын саябақ Жеңіс күні қарсаңында мамыр айында ғана ашылған. Полиция оқиға орнын тексеріп, ашық қалған тоқ көзін таппаған. Қазір сол маңдағы барлық электр жүйелері тексеріліп жатыр. Сараптама жұмыстары жүргізіледі. Егер құрылысты жүргізген мекеменің кінәсі дәлелденсе, жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Мамыр айында екі өңірде, Қапшағайда 11 жасар баланы, ал Оралда 9 жасар жасөспірімді тоқ соғып, қайтыс болған еді.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04