Атыраудан Дубайға ұшатын рейстер 28 маусымнан бастап уақытша тоқтатылады. Эйр Астана компаниясы осындай хабарлама таратты. Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты ұшу уақыты тым созылып кеткен. Алдын ала билет сатып алған жолаушыларға билеттің толық құны қайтарылады немесе Астана мен Алматы қалаларынан ұшатын рейстерге алмастырылады. Бұл қалалардан қатынайтын ұшақтардың кестесінде өзгеріс жоқ. Тек ұшу уақыты 1-2 сағатқа ұзаруы мүмкін.
Асылхан Есілов, «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының директоры:
Статистика бойынша қазіргі таңда Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 мыңнан астам турист демалып жатыр. 13-14 маусымда болмаған рейстерді Дубайдан бүгін соңғы 20 турист Қазақстанға оралады.
Иран мен Израильден 144 қазақстандық эвакуацияланды
Ал Иран мен Израильден 144 қазақстандық эвакуацияланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Израильден 66 отандасымыз Мысыр аумағы арқылы шығарылған. Ал Ираннан 78 Қазақстан азаматы Армения, Әзербайжан және Түрікменстан шекарасы арқылы өткізілген.
Оңғар Алпысбайұлы
