Астанада өтетін Әлем кубогына кімдер қатысатыны анықталды
Астанада алғаш рет World Boxing қолдауымен өтетін Әлем кубогында ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлерінің есімі белгілі болды. Бірақ бұл алдын ала тізім болғандықтан, бір-екі салмақта спортшылар өзгеруі мүмкін. Өйткені әр салмақта екі боксшы тіркеледі. Олар: 50 келіде Санжар Тәшкенбай, 55 келіде Махмұд Сабырхан, 60 келіде Серік Теміржанов, 65 келіде Ертуған Зейнуллинов, 70 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Сабыржан Аққалықов, 80 келіде Нұрбек Оралбай, 85 келіде Бекзад Нұрдәулетов, 90 келіде Сағындық Тоғамбай, 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай. Жарыс 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді. Онда әлемнің 30-дан астам елінен келетін боксшылар бақ сынайды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Silk Way Star байқауының екінші маусымы басталды
07.09.2026, 10:43
Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары пысықталды
07.09.2026, 10:40
Президент Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 10:31
Талдықорғанда IT мамандарын даярлауға арналған білім кампусы ашылды
07.09.2026, 10:03
Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы басталды
07.09.2026, 10:01
Германияда су тапшылығы күшейді
07.09.2026, 10:00
Индонезияда жанартау атқылап, 8 әуежайдың жұмысы тоқтады
07.09.2026, 09:59
Мал ұрлығы: 460-қа жуық күдікті ұсталған
07.09.2026, 09:59