Дзюдодан Әлем чемпионаты аяқталды
8 күнге ұласқан дзюдодан Әлем чемпионаты аяқталды. Ұлттық құрама Мажарстандағы жарыста тек 1 күміс жүлде еншіледі. Абибаның жалғыз жүлдесінің арқасында Қазақстан жалпыкомандалық есепте 11-орыннан көрінді. Біріншіліктің 6 алтыны жапон балуандарына бұйырып, көш бастады. Кестенің екінші сатысына жеке бейтарап спортшылар жайғасса, үздік үштікті Италия құрамасы түйіндеді. Бүгін командалық аралас сында қазақстандық татами шеберлері бірінші айналымда-ақ жарыс жолынан шығып қалды. Бразилия құрамасы 4:0 есебімен басым түсті. Бұл сында Көркем Орымбек, Ермахан Әнуарбеков, Ақерке Рамазанова, Еламан Ерғалиев күресті.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Silk Way Star байқауының екінші маусымы басталды
07.09.2026, 10:43
Қазақстан тарихының көптомдығын баспаға дайындау жұмыстары пысықталды
07.09.2026, 10:40
Президент Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 10:31
Талдықорғанда IT мамандарын даярлауға арналған білім кампусы ашылды
07.09.2026, 10:03
Ақмола облысында алтын өңдеу фабрикасының құрылысы басталды
07.09.2026, 10:01
Германияда су тапшылығы күшейді
07.09.2026, 10:00
Индонезияда жанартау атқылап, 8 әуежайдың жұмысы тоқтады
07.09.2026, 09:59
Мал ұрлығы: 460-қа жуық күдікті ұсталған
07.09.2026, 09:59