31 млн теңге жымқырды деп айыпталған күдікті Ресейден экстрадицияланды
31 млн теңге жымқырды деп айыпталған күдікті Ресейден экстрадицияланды. Еліміздің Бас прокуратурасы жариялаған ресми мәлімет бойынша айыпталушы Астана қаласындағы банктердің бірінде жетекші менеджер болып жұмыс істеген. Тергеу материалына сәйкес, күдікті 2015-2017 жылдары 31 миллион теңгеден астам банк қаражатын иемденіп, талан-таражға салған. Артынша қашып кеткен. Халықаралық іздеу жарияланып, күдікті былтыр маусым айында Мәскеу қаласында ұсталды. Еліміздің Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Қылмысы дәлелденсе, күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22
Қызылордада көпбейінді аурухана жыл соңында ашылады
08.09.2026, 17:20
Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 17:17