Астанада әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады. Жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты рейстердің кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Сондықтан жолаушылар өзіне қажетті рейске қатысты ақпаратты авиакомпания өкілдерінен алдын ала нақтылаулары қажет. Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары қыркүйектің 1-4 аралығында және 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін жалғасады. Осы күндері күн сайын Астана уақыты бойынша таңғы сағат 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін ұшу-қону жолағы ұшақтардың ұшып-қонуы үшін жабық болады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04