Қарағанды облысының Абай ауданы ауызсумен толық қамтылады
Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты екі ауылда алғаш рет орталық су құбыры тартылуда. Қос елді мекенде 500-ге жуық тұрғын бар. Ягодный ауылында жұмыс аяқталуға жақын. Барлық құбырлар тартылған. Маусым айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұдан кейін тұрғындар техникалық шарттарды алып, өз бетінше қосылады. Ал Садовое ауылында жұмыс тек 50 пайызға ғана дайын. Бірақ қыркүйек айына дейін толық тапсыруды көздеп отыр. Онда 4,2 км су құбырының 1,7-сі тартылып, 21 құдық орнатылған. Осылайша Абай ауданында халықты сапалы ауызсумен қамту 100 пайызға аяқталмақ.
Бахтияр Мырзалов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:
Садовое мен Ягодный ауылдарында 500-ге жуық адам тұрады. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін әр үйге су тарту жобасы әзірленді. Оған магистральды желілер тарту, су айдайтын мұнаралы сорғы станцияларын орнату кіреді. Бүгінде жұмыс қарқынды жүруде.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17
Елімізде қылмыс 58%-ға азайған
23.10.2026, 17:15
Жанармайды шекарадан заңсыз өткізбек болған 430 адам анықталды
23.10.2026, 17:14
Түркістанда жаңа үйлерді пайдалануға берді
23.10.2026, 17:12