Алматы хостеліндегі өрт: Айыпталушы жауап берді
Алматыда 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін ғимаратты жалға алған Әділбек Мұхамедяровтан жауап алынды.
Айдана Қуантхан, тілші:
Түскі сағат 15:00-де басталған сот отырысы әлі де жалғасуда. Қазір Әділбек Мұхамедяровтан жауап алынып жатыр. Әділбек Мұхамедяров әу баста нысанды алып-сату платформасында жарнамаланғанын, онда нысан хостел ретінде берілетіні көрсетілгенін айтты. Ал ғимаратты жалға беруші «Қуса халық» компаниясы аумағы 460 шаршы метр болатын бірінші қабат пен жертөле хостел ретінде жалдауға жарамды екенін жеткізеді. Айтуынша, 1-қабатта 2 үлкен холл, 4-5 бөлме, ал жертөле жатақхана ретінде 7 бөлмеге бөлінген. Сондай-ақ келісімшартта ғимаратты хостел мақсатында пайдалануға болатыны да көрсетілген, дейді айыпталушы Әділбек Мұхамедяров. «Қуса халық» компаниясы өрт қауіпсіздігі құрылғылары талапқа сай екенін, кепілдік бар екенін айтқан. Ал ғимаратты жалға алған уақыт ішінде Төтенше жағдай департаменті тарапынан ешқандай тексеру болмағанын айта кетті.Еске сала кетейік, «Алматы хостеліндегі» өрт 2023 жылдың 30 қарашасында болды. 13 адам қаза тапты. Қылмыстық істе 2 адам айыпталып отыр. Олар – ғимаратты жалға алған Әділбек Мұхамедияров пен өрттен қорғау жүйесін орнату жөніндегі маман Александр Пекельник. Келесі сот отырысы ертең 20 маусым күні өтеді.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04