С.Сейфуллин атындағы музейге – 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

С.Сейфуллин атындағы музейге – 30 жыл

30.05.2018

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Сәкен Сейфуллин музейінің 30 жылдық мерейтойына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті. Қазыналы мекеменің мерейтойы Астана қаласының 20 жылдығымен тұспа-тұс келген. Музей ұжымы 30 жылдан бері тынбай еңбек етіп, Сәкен мұрасын жинауға барынша күш салып келеді. Кеш барысында елге танымал өнерпаздар өнер көрсетті. Сондай-ақ, Сәкен Сейфуллиннің шығармалары оқылып, әндері айтылды. Айта кетейік, жақында музейдің интернетте өз парақшасы ашылды. Тарих пен тағылымды танығысы келгетіндер үшін бұл жаңа мүкіндік. 

Несіпбек Айтұлы, С.Сейфуллин атындағы музей директоры, ақын:

- Елбасымыз 1995 жылы музейге келіп, батасын беріп кеткен. Сондықтан, бұл музейдің басқадан артықшылығы - Астанада тұрғандығы, Сәкен осы жерде өзі алғашқы күрес жолын Астанадан бастаған.

 

Әйгерім ШАЯХМЕТОВА

Хабарламаларға жазылу