Қостанайда жаңа балабақша ашылды
Бүгін Қостанай қаласында «Әуежай» шағын ауданында жаңа балабақша ашылды. Құрылысы үш жылға созылған нысан 280 орынға шақталып салынған. 16 топтың он бірі қазақ тілінде білім бермек. Мұнда балаларға арналған музыкалық, хореографиялық сыныптар мен спорт зал бар. Сондай-ақ психолог, логопед мамандар да жұмыс істейді. Ауданда барлығы қазір 1300-ге жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр.
Аруна Мейінбекова, Қостанай тұрғыны:
Ашылып жатқан балабақшаны бұрыннан естіп келе жатырмыз. Бұл жерде барлығы жаңа технологиямен қамтылған. Бізге мүмкіндік беріп отыр, балабақшаның ішіне кіріп, танысып, қандай дамыту ойындары бар, тәрбиешілері кім болады. Сол себепті бірден осы балабақшаны таңдап отырмыз.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27