Қазгидромет: Аптап ыстық аптаға жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Аптап ыстық аптаға жалғасады

17.06.2025

Аптап ыстық алдағы аптаға дейін жалғасады. Бірақ артынша Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел мен шаңды дауыл болуы мүмкін. Қазгидромет мамандары осылай дейді. Болжамға сай, биылғы жаз орташа температурада өтеді. Әсіресе еліміздің оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында ашық ауа райы ұзақ мерзімге сақталады.

Ақнұр Тоқтарова, Қазгидромет орталығы ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының жетекші инженері:

Алдыңғы аптада жауын-шашынның келуімен ыстық және қапырық ыстық кішкене төмендейді. Солтүстік өңірлерде 18-25 градусқа дейін түнгі уақыттарда, ал оңтүстік өңірлерде 30-35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қазір 40-45 градус болса, 10 градусқа төмендеуі мүмкін.

Қатты ыстықты әсіресе жүрек, қан тамыр жүйесі әлсіз адамдар көтере алмайды. Дәрігерлер қан қысымы жоғарылап, бас ауру, жүрек тұсының шаншуы, құсу, жүрек айну және жүрек қағысының жоғарлауы, тіпті инфаркт, инсульт жағдайлары да тіркелуі мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан жеңіл, ашық түсті киім киіп, көп су ішуге кеңес береді.

Раушан Құлжабаева, жоғарғы санатты дәрігер:

Аптап ыстық болған кезде кішкентай балаларды қорғау керек. Себебі ерте жастағы балалардың үлкен еңбегі жабылмағандықтан, оған күн қатты өтудің әсерінен балада құсу, бас айналу тіпті талу жағдайлары да кездесуі мүмкін. Егде жастағы адамдарды осы топқа кіргізуге болады. Денсаулық жағынан, әсіресе, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан қандайда бір ауруы бар, орталық жүйке жүйесінің аурулары бар адамдар міндетті түрде қорғанғаны жөн.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу