Қарағандыда моноқалалардың мәселесі талқыланды
Қарағанды қаласында моноқалаларды дамытуға арналған республикалық форум басталды. Жиынға елдегі 20 шағын қаланың әкімдері қатысуда. Нақты қандай мәселе көтерілетінін байланысқа шыққан өңірдегі тілшімізден білейік.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Бұл жиын Қарағанды өңірінде өтіп жатқаны кездейсоқ емес. Саран қаласы соңғы уақытта ерекше қарқынмен дамып келеді. Сол тәжірибені негізге ала отырып шағын қалалардың дамуына серпін беру жиынның мақсаты. Шағын қалалар үшін басты критерий – өнеркәсіп дамуы тиіс және сол өндіріс орындарында жергілікті халықтың 20 пайызы жұмыспен қамтылуы тиіс. Біздің елде өндірістің 40 пайызы моноқалалардың еншісінде. Бір кездері мұндай шаһарлар 27 еді, қазір 20-ға қысқарды. Халық саны 1,5 млн-ға жуықтайды. Рудный, Екібастұз, Теміртау, Жаңаөзен осы төрт қалада халық саны 100 мыңнан асады. Шағын қаланың өзекті проблемасы инфрақұрылымдар тозған. Осы мәселені шешу үшін Үкімет 10 шағын қаланы дамыту үшін 2027 жылға дейін 1,7 трлн теңге қаржы жұмсамақ. Өзге де ақпараттарды алдағы жаңалықтарымызда айтатын боламын.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның басты байлығы – адам»
08.09.2026, 11:13
Ақтауда күштік құрылымдардың арнайы бөлімшелері арасында судағы жарыс өтті
08.09.2026, 10:15
Димаштың «Aqerke» әні халықаралық рейтингте үздік үштікке енді
08.09.2026, 10:14
Қазақстандық кітаптар халықаралық байқауда 9 жүлде иеленді
08.09.2026, 10:13
БҰҰ әлем карталарын дәлірек көрсетуге бағытталған қарар қабылдады
08.09.2026, 10:12
Жетісу облысында ұлттық тағам өндірісі өркендеп келеді
08.09.2026, 10:11
Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы жұмысын бастады
08.09.2026, 10:09
Ұлыбританияда Jaguar land rover компаниясы 4000 жұмыс орнын қысқартпақ
08.09.2026, 10:09