Заңгер: Дроппер – қылмыстық әрекеттің тікелей қатысушысы
Дропперлер де заң алдында жауапкершілікке тартылады. Алаяқтықтың бұл түрі қоғамға қауіп төндіріп отыр. Сондай-ақ қылмыскердің ізін жасырып, тергеу жұмысын қиындатады, дейді алматылық заңгер Ғабит Өмірбек. Әдетте дропперді әртүрлі шот арасында заңсыз алынған қаржыны аудару үшін жалдайды. Олар ұрланған ақшаны делдал болып, өзінің банк шоты арқылы өткізеді. Мұндай жағдайға көбінесе жасөспірімдер мен студенттер әп-сәтте оңай табысқа кенелемін деп тап болады, дейді маман.
Ғабит Өмірбек, заңгер:
Дроперлер менің жазам жеңіл болады деп ойлайды. Дәл сол қылмысты жасаған адам ұсталса, сонымен бірдей жазаланады. Әдетте 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Күмәнді жұмыстар ұсынса, шотты уақытша қолданамыз, сізге қомақты сумма төлейміз дейді. Мүлдем сенбеңіз, шотыңызды уақытша ешкімге бермеңіз.
Айдана Қуатхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03