70-тен аса қазақстандық Ираннан эвакуацияланды
Текетірес өршіген Таяу Шығыста Қазақстанның 350-дей азаматы жүр. Оның 132-сі Иранда, қалғаны Израильде. Бұл туралы Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Айтуынша, жағдай ерекше бақылауда, дипломаттар отандастарымызбен тұрақты байланыста отыр. Елшіліктер де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр деді. Екі ел арасындағы шиеленіс басталғалы 70-тен астам жерлесіміз Иран аумағынан шығарылған. Сондай-ақ әуе жолдарының жабылуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға кейбір әуе компаниялар рейстерін тоқатты. Салдарынан шамамен 300 қазақстандықты елге қайтару қиындап тұрғанын айтты.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
Иран мен Израильде жүрген Қазақстан азаматтарына аса қажеттілік болмаса, тұрып жатқан жерінен шықпауға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, қырағылық пен сақтық танытуға, жаңалықтарды қадағалап, жергілікті билік органдарының нұсқауын орындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігімен және Иран Ислам Республикасындағы және Израиль мемлекетіндегі Қазақстан елшіліктерімен байланыста болуды сұраймыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл спортшылар елуге жуық сенсация жасады
18.12.2025, 17:38
«Таза Маңғыстау» экочелленджі қорытындыланды
18.12.2025, 17:37
БҚО Тасқала ауданы халқы «Таза Қазақстан» акциясын өткізді
18.12.2025, 17:35
Үздік сауыншы Түркістан облысында
18.12.2025, 17:33
СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
18.12.2025, 17:31
Қарағанды облысында жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды
18.12.2025, 17:29
Энергетика саласы – стратегиялық маңызды сала
18.12.2025, 17:27
Энергетикалық тұрақтылық – экономиканың басты тірегі
18.12.2025, 17:25