Астанада «Жібек пен Жібек жолы» көрмесі ашылды
Енді елорда тұрғындары мен қонақтары ежелгі жібек маталарының түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ заманауи сәндік өнер туындыларын тамашалай алады. Бұл жәдігерлер Қытайдан Қазақстанға арнайы жеткізіліп, Ұлттық Музейде 2 айға созылатын «Жібек пен Жібек жолы» көрмесінде көрермен назарына ұсынылады. Іс-шара Қазақстан мен Қытай арасындағы Туризм жылының аясында ұйымдастырылып отыр.
Майра Тұрсынқызы, ҚР Ұлттық музейі қызметкері:
Көрмеге 146 жәдігер қойылған. 4 ғасырға жуық тарихы бар Цинь империясы кезеңіндегі ханзадалардың, патша әулетінен, жоғары әлеуметтік топтан шыққан баланың, ер адамның киімі көрсетілген, бәрі түпнұсқада. 18 маусымнан бастап келушілерге музей қонақтарына көрме ресми түрде ашық болады және бұл көрме 2 айға созылады.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06