Отырып ойнау волейболынан жеңген чемпиондар елге оралды
Азия чемпионатында отырып ойнау волейболынан үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама спортшылары елге оралды. Оларды Алматының әуежайынан ет жақындары күтіп алды. Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен байрақты бәсекеде ел құрамасы тарихта тұңғыш рет Азия чемпионы атанды.
Дүбірлі додада спортшылар Жапония, Австралия, Сауд Арабияны басып озып, жартылай финалда Таиландты ойсыратты. Ал финалда Қытаймен ойнап, үш те екі ұпаймен жеңіске жетті.
Бауыржан Сартаев, Отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрама командасының капитаны:
Жарыс өте жоғары деңгейде, тартысты өтті. Барлық команда да жақсы дайындықпен келген. Барлығымен тең дәрежеде ойын өрнегін көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткіздік.
Бауыржан Тақауов, Отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы:
Көптен күткен қуанышты сәт, тарихи сәт. Финалға шыққан Қазақстан және Қытай командасы келесі жылы өтетін Әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04