Сарапшы: Қақтығыстың салдарынан логистикалық жолдар өзгеруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Сарапшы: Қақтығыстың салдарынан логистикалық жолдар өзгеруі мүмкін

Сарапшы: Қақтығыстың салдарынан логистикалық жолдар өзгеруі мүмкін

Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстың салдарынан мұнай бағасы мен саудасы ғана емес, логистикалық жолдар да өзгеруі мүмкін. Шығыстанушы ғалым Жанат Момынқұлов осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, біздің Оңтүстік-Шығыс бағытындағы логистикалық жолдарымыз осы Иран арқылы өтеді. Бұған дейін, Бендер-Аббас портында бірлескен терминал салу, жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де екі ел арасында талқыланған еді.

Жанат Момынқұлов, шығыстанушы:

Бұл қақтығыс өзінің күрделілігі жағынан, расында да басталатын болса мынау Украина мен Ресей арасындағы соғысқа пара-пар, одан да маңызды болуы мүмкін мәселелер. Өйткені, ол мұнайдың бағасына әсер етеді. Логистикалық жолдар ауысады. Сондықтан бұл қақтығыс менің ойымша үлкен, орасан зор соғысқа созылады деп ойламаймын. Өйткені, күштердің тепе-теңдік мәселесі бар.

Еліміздің СІМ Таяу Шығыс өңіріндегі қауіпті әскери шиеленіске байланысты алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады. Ведомство қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес, тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді құптайды және қатысушы тараптарды барынша ұстамды болуға шақырады. 

Азамат Бейбітұлы


Бөлісу