Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселесі талқыланды
Елімізде ауыл шаруашылығы саласында өндірілетін өнімнің 40 пайызы ғана өңделеді. Қалған 60 пайызы шикізат күйінде экспортқа кетіп жатыр. Өнімді терең өңдеу үшін не істемек керек. Бүгін Сенат депутаттары Павлодарға барып, бірқатар кәсіпорынды аралап, көшпелі жиын өткізді. Мәселен биыл павлодарлық тауар өндірушілер 92 мың тонна шикізатты экспортқа шығарған. Оның 60 пайызға жуығы терең өңделген. Алайда импорттың үлесі азаймай отыр. Сондықтан депутаттар ауыл шаруашылығы саласын шикізат экспорты сипатынан алып шығудың мүмкіндіктерін анықтамақ.
Әли Бектаев, Сенат депутаты:
Шаруалардың үйдің жағдайында өндірген өнімдерін ертең қайда өткізу керек? Оны қалай қайта өндеу керек? Сол күйінде қалып кетпеу керек қой ол. Базарға апарса өтпейді. Себебі бағасы арзан. Оны бір кәсіпорынға апарса, аз көлем болғаннан кейін ешкім алмайды. Бізге сондай проблемалардың көбірек айтылғаны керек. Біз оны ертең барғаннан кейін барлық мемлекеттік органдармен отырып алып, осының бәрін талдап, талқылап тиісті шешілу жолдарын қарастыруымыз керек.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16