Солтүстік Ирландиядағы иммигранттарға қарсы шерулер басылған жоқ
Солтүстік Ирландияда иммигранттарға қарсы шерулер басылар емес. Баллимина қаласында басталған тәртіпсіздіктер Портадаун қаласына жетті. Қарсылық акциясының басталуына 14 жасар екі жасөспірімнің өздерімен жасты қызды зорлауға әрекеттеніп, тұтқындалып, сотқа жеткізілуі себепші. Румын тілінен аудармашыны қажет еткен айыпталушылар өздеріне тағылған кінәні жоққа шығарып отыр. Демонстрация кезінде шерушілер полицейлерге отты шөлмектер, кірпіш пен петардалар лақтырды. Ал тәртіп сақшылары оларды тарату үшін резина оқ жаудырып, су шашқан. Сонымен қатар қақтығыста кейбір үй мен машина өртеліп, қауіпсіздік күштерінің 41 қызметкері жараланды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Астанаға 6 айда 830 мың турист келген
22.09.2026, 20:11
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 20:09
Қолма-қол ақшасыз төлем: Қазақстан АҚШ-ты қуып жетті
22.09.2026, 20:07
Маркетплейстерге талап күшейеді
22.09.2026, 20:06
Жолдың әр шақырымына камера орнатылады
22.09.2026, 20:04
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 20:03
Білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық жайы талқыланды
22.09.2026, 20:00