Астанада 210 мың оқушы жазғы лагерьде демалып жатыр
Астанада 210 мыңдай оқушы жазғы лагерьде демалып жатыр. Биыл елорда мектептерінде салауатты өмір салтын насихаттау, шығармашылықты шыңдаумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де басымдық берілмек. Бастауыш сынып оқушылары этнолагерьлерде бауырсақ пісіруден бастап, шолпы, сырға, білезік секілді әшекей-бұйым жасауға дейін үйренеді. Ал дене шынықтыру сағаттарында ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады. Сондай-ақ биыл лагерьлерге ата-аналар балаларымен бірге қатысып жатыр. Бұл отбасылық құндылықтарды бекемдеп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін жасалып отыр.
Бексұлтан Басықара, №93 мектеп-лицей директоры:
Этнолагерьде балалар қазір құмыра жасап жатыр, сондай-ақ кесте тігу, бауырсақ пісіру, тұмар жасауда. Бүкіл ұмытылып кеткен дәстүрлерімізді осында жаңғыртып жатырмыз. Мұның барлығын балалар өз аталарынан, аналарынан, әке-шешелерінен үйреніп жатыр.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17