«Ертіс орманынан» әлемде сирек кездесетін қарақұс балапандары табылды
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына жер бетінде өте сирек кездесетін, жытқыш құстардың бірі Қарақұстың келгені анықталды. Ұябасар екен. Орманшылар оның қос балапан басып шығарғанын да көрген. Қазір ұя салған жері камера арқылы бақылауға алынды. Бір ескерер жәйт, Қарақұс адамдар жақын қоныстанған аумаққа ұя салмайды. Тіпті арнайы қорықтардың өзінде балапан басып шығаруы өте сирек.
Қанат Егембердиев, «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының ғылыми қызметкері:
Ұядағы балапандар сап-сау. Соған қарағанда күтім жақсы деп ойлаймыз. Қарақұсты көру немесе суретке түсіру деген ойымыз жоқ. Себебі адамдарды көрсе, безіп кетуі мүмкін. Қарақұс Қазақстандағы сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген және халықаралық деңгейде қорғалатын құс.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27